IPO-ны түсіндіру

«Самұрық-Қазына», «ҚазМұнайГаз», «Қазпошта», отандық брокерлік ұйымдар мен қор биржаларының өкілдері ҰӘҚ-ның портфельдік компанияларының қызметкерлерімен бірге IPO-ның мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

Сарапшылар IPO/SPO-ға қандай компаниялар шығарылатынын айтып, жалпы активтерді жекешелендіру/қайта құрылымдау бағдарламасы туралы түсіндіріп берді. Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК-ның IPO-сы қалай өтетіні, яғни акциялар қайда орналастырылатыны, оларды қалай және кім сатып алуға мүмкіндік алатыны, нарықта IPO сияқты маңызды оқиғалар орын алған кезеңдерде жанданатын алаяқтардың әрекеттерінен өзін қалай қорғауға болатыны туралы толық ақпарат берілді.

Жұртшылықтың кең ауқымын қаржылық сауаттылыққа, инвестициялау негіздеріне және капитал нарықтары жұмысының механизмдеріне оқыту үшін «Самұрық-Қазына» қоры ipo.sk.kz арнайы ресурсын іске қосты.