23-24 мамырда Астанада Mining Congress Qazaqstan халықаралық тау-кен конгресі өтті.
Қазақстан астанасында 200-ден астам салалық көшбасшылар, мемлекеттік органдардың, ғылым мен коммерциялық емес сектордың өкілдері тәжірибе алмасу, проблемалық мәселелерді талқылау, инновациялық энергия тиімді әзірлемелермен бөлісу және жалпы тау-кен өндіру саласын одан әрі дамытудың басты векторларын айқындау үшін жиналды.
«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы ауқымды іс-шараға қатысушыларға геологиялық барлау және өндіру жобалары бойынша ықтимал серіктестік перспективаларын таныстырды.
Маркетинг жөніндегі менеджер Дәулет Әлиасқаров өз баяндамасында компанияның ағымдағы жобалары туралы айтып, Тау-Кен Самұрық серіктестер мен инвесторларға өзара іс-қимылдың бірнеше тетіктерін ұсынатынын атап өтті.
Конгресстің бірінші күніндегі пікірталастардың лейтмотиві тез өзгеретін жағдайларда саланың тұрақты дамуы үшін нарықтың ірі қатысушыларының күш-жігерін біріктіру қажет деген пікір айтылды.
Форум жұмысының екінші күні күн тәртібінде ESG мәселелері, саланың экспорттық әлеуеті және жер қойнауын зерттеу мәселелері болды.