Астананы таза ұстау, гүлдендіру және көгалдандыру, кеңседен тыс атмосферада әріптестермен уақытты қызықты өткізу және жақын араласып, танысу. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ жас қызметкерлері Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығы (ӘӨКО) ұйымдастырған акцияға қатысты.
Көпшілігі балаларымен келді, оларға белгілі әзілкештер Грут пен Темір адамның қатысумен арнайы ұйымдастырылған көңілді ойын-сауық бағдарламасы қойылды. Ересектер өз үлгісінде бүлдіршіндерге қоршаған әлемді қорғау, табиғатқа қамқорлықпен және жауапкершілікпен қарау деген не екенін көрсетті. Акцияның нәтижесі -астананың үлкен бір даңғылының саяжолында 130 жас көшет отырғызылды, яғни, біз және біздің балаларымыз жұтатын ауа біршама тазарады.
Тағы бір жағымды пайдасы – қатардағы қызметкер, департамент басшысы және бас директор бірге жеңін түріп, қолына шелек пен күрек алып, иін тіресе еңбек етсе, онда күшті командалық рух пен корпоративтік мәдениеттің жоғары деңгейі компания өмірінің бір бөлігі болатыны анық.