Өндірістік қатынастардың жаңа стандарттары

«Taỳ-Ken Samuryq» ulttyq taỳ-ken kompanıasy өндірістік қатынастардың (industrial relations, IR) жаңа стандарттарын енгізуде. 

IR корпоративті даму стандартында өндірістік қатынастар жұмыс беруші мен жұмысшылар арасындағы жұмыс ортасының жағдайына байланысты қатынастар ретінде анықталады. Бұл дегеніміз, арнайы бақылауда – қызметкерлердің қауіпсіздігі, әлеуметтік және психологиялық әл-ауқаты мәселелері.

IR енгізудің бірінші кезеңінде қызметкерлер үшін қолайлы санитарлық-тұрмыстық жағдайларды қамтамасыз етуге, жұмыс орнындағы зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінің (физикалық, экономикалық, психоэмоционалды және т.б.) алдын алуға, сондай-ақ ішкі коммуникациялар арналарының болуы, қолжетімділігі мен тиімділігіне және мердігер ұйымдармен тиімді өзара іс-қимылға баса назар аударылады. 

Проблемалық орындарды анықтауға өндірістік қатынастарды дамыту жөніндегі бірыңғай оператор-әлеуметтік өзара іс – қимыл және коммуникациялар орталығының қолдауымен жүргізілетін IR-скрининг көмектеседі. Скрининг, оның ішінде қосалқы өндірістік объектілердің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ҚР нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкестігін тексеруді көздейді.

Алынған мәліметтер негізінде IR-мамандар анықталған кемшіліктерді түзету бойынша іс-шаралар кешенін әзірлейді, бұл ұсынымдар міндетті түрде орындалады.