Өндірістік қауіпсіздіктің жоспарлы аудиті

«Тау-Кен Алтын» ЖШС өндірістік қауіпсіздіктің жоспарлы аудитін және шартты апатты оқшаулау бойынша жаттығу өткізді.

Сценарийге сәйкес жанармай қоймасында бензин тасығыштан жерасты резервуарына отын құю жұмыстарын жүргізу кезінде шланг үзіледі. Нәтижесінде жұмысшы персоналдың өртеніп кетуіне және улануына әкелуі мүмкін, сондай-ақ экологиялық қауіп төндіретін дизель отыны ағады.

Болжамды апат кезінде оқиға орнында жатыққан және үйлесімді іс-әрекеттер көрсеткен 3 адам болды. Бензин тасығыштың жүргізушісі жанармай құюды тоқтатып, қауіпсіз арақашықтыққа айдап шығып, автокөлікті сөндіреді. Бұл жағдай туралы шұғыл қызметтер мен кәсіпорын басшылығына дереу хабарланады. Отын қоймасына жақын орналасқан объектілер тоқтан ажыратылып, қазандыққа сұйытылған газ беру вентилі жабылды. Отын құю орны құммен жабылды. Дәрігер болжамды апаттың салдарын жоюға жұмылдырылғандардың жаралану немесе ЖЖМ буымен улану жағдайын тексерді.

«Тау-Кен Алтын» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік аудиті Тау-Кен Самұрықтың бірнеше еншілес ұйымы өкілдерінің қатысуымен өткізілді. Мұндай тәжірибе компаниялар тобында жуықта енгізілген еді. «ШалқияЦинк» АҚ, «Tau-Ken Temir» және «Тау-Кен Самұрық» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі мамандары аффинаж зауытында апатсыз жұмысты қамтамасыз ету үшін жасалатын жүйелі күшті атап өтті.

Аудит пен оқу-жаттығудың қорытындысында «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Өндіріс жөніндегі бас директордың төрағалығымен кеңес өтті. Әділжан Оржанов жалпы кәсіпорынның өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін жоғары бағалады. Сонымен қатар ол қауіпсіздікті басқару процестерін жақсарту, объектіде жазатайым оқиғалар мен апаттарға жол бермеу, еңбек жағдайларын жақсарту бөлігінде бірнеше тапсырма берді. Зауытты аралаған соң Әділжан Оржанов өткен жылдың қараша айында іске қосылған өндірістік қалдықтарды өңдейтін жаңа цехты аралап көрді.