Oracle Primavera Cloud бойынша оқыту

Шалқия кен орнында байыту фабрикасының құрылысы «цифрландырылуда». Жұмыс барысы туралы барлық деректер нақты уақыт режимінде қолжетімді болады – құжаттарды келісу процестерінен бастап, кеңестер хаттамалары мен шарттық құжаттаманы әзірлеу және құрылыс алаңынан жедел ақпаратпен аяқтау, ауа райы жағдайына және жұмыс уақытын есепке алуға дейін. Деректер жобаны іске асыру кестесімен үйлестіретін болады. Жобалық топ Oracle Primavera Cloud жобаларын басқарудың ақпараттық жүйесіне деректерді енгізе бастады. Компания мамандары Primavera жүйесінің бағдарламалық модульдерімен толыққанды жұмыс істей алуы үшін оқыту курстары өткізіледі. Біздің әріптестеріміз Oracle Primavera Cloud-ты пайдалана отырып, жобаның жалпы ортасын жанды үлгілеумен тренингті аяқтап, Жобаларды басқару халықаралық қауымдастығының тиісті (IPMA) сертификатын алды.