Отандық өндірушілерге қолдау көрсету: «Тау-Кен Самұрық» тәжірибесі

«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы отандық тауар өндірушілердің (ОТӨ) сатып алуға қатысу мүмкіндігін кеңейте отырып және мейлінше айқын және пайдалы шарттарды сақтай отырып, ішкі нарықты кеңейтудің жүйелі тәсілдерін көрсетеді.

 

«Тау-Кен Самұрық» АҚ-ның аффинаж зауытында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобының сатып алуына бизнестің қатысу мәселесіне арналған ОТӨ өкілдерінің дөңгелек үстелі өтті. Кәсіпкерлерге сатып алу тәртібінің ерекшеліктері, қолдау көрсету шаралары мен отандық компанияларға арналған жаңа мүмкіндіктер туралы айтып берді.

 

Атап айтқанда ОТӨ-ге арналған айрықша шарттар:

  • міндетті жарна кемінде 30%-ды,
  • 5 жұмыс күні ішінде төлем жүргізуді,
  • қамтамасыз етудің барлық түрлерінен босатуды,
  • 20 жыл мерзімге дейінгі ұзақ мерзімді офтейк-келісімшарттарды,
  • сатып алудағы артықшылық пен 5% шартты жеңілдікті қамтиды.

Сонымен қатар 2024 жылдан бастап мердігерлерді Қор ұйымдарының тапсырыстары бойынша жұмыстар мен қызметтерді орындау кезінде отандық тауар өндірушілерді тауарды сатып алуға міндеттейтін норма енгізілген.

SKSTORE.KZ цифрлық алаңы сатып алулардың ашықтығын арттырудың негізгі көзі. Ол Қор ұйымдарының тапсырыстарына отандық компаниялардың тікелей қол жеткізуін қамтамасыз етіп,  қатысу процесін жеңілдетеді.

Платформа өндірушілерге құжаттарға онлайн қол қою, өтінімді басымдықпен қарау, тарифтік преференция, сондай-ақ сатып алуды талдауға қол жеткізу сияқты артықшылықтарды ұсынады.

2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша «Тау-Кен Самұрық» компанияларының тобы бойынша сатып алу көлемі 1,38 трлн теңгені құрады, оның ішінде 775 млрд теңге отандық өндірушілерге тиесілі. Бұл ретте компаниялардың 2052 өнім берушінің 203 жергілікті өнім берушілер. Сатып алудағы елішілік құндылық 69%-ды құрайды.

Биылғы жылы «Тау-Кен Алтын» аффинаж зауыты ғана 478,33 млрд теңге сомасына тауар сатып алды, оның ішіндегі 372,58 млрд теңгегі қазақстандық өндірушілер қамтамасыз етті.