PDAC-2024

Канаданың Торонто қаласында геологиялық барлау және пайдалы қазбаларды игеру саласындағы ірі халықаралық PDAC конференциясы өтіп жатыр.

Біздің еліміз «Kazakhstan Day 2024» аясындағы арнайы сессияларда геологиялық және инвестициялық әлеуетін таныстырды.

Атап айтқанда, «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Бизнесті дамыту жөніндегі бас директор Нариман Әбсәметов компанияның инвесторлармен және серіктестермен ықтимал ынтымақтастығының түрлі нұсқалары туралы айтып, жобалар портфелін таныстырды және Ұлттық тау-кен компаниясымен серіктестіктің беретін артықшылықтарын атап өтті.  

Биыл PDAC көрмесіндегі Қазақстанның ұлттық павильонының экспозициясында жетекші қазақстандық компаниялардың, оның ішінде «Tau-Ken Samruk», «ERG», «Kazakhmys», «GreyWolf» және т.б. озық жетістіктері мен жобалары бар.

Павильонның ашылу рәсіміне Қазақстанның Канададағы Елшісі Дәулетбек Құсайынов пен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі қатысты.