«Тау-Кен Алтын» аффинаж зауыты 30 мыңыншы алтын құймасын өндірді. 2013 жылдың желтоқсанда іске қосылғаннан бері кәсіпорын 360 тонна алтын тазартты, негізгі сатып алушы – Қазақстан республикасының Ұлттық банкі.

«Тау-Кен Алтын» — Астана қаласында орналасқан жалғыз металлургия зауыты. 2013 жылы пайдалануға берілген сәттен бастап кәсіпорын өндіріс көлемін тұрақты түрде арттырып келеді. Мысалы, өткен жылы зауыт 54,6 тонна алтынды аффинаждады, бұл жобалық көрсеткіштен 2 есеге артық.
«Қазақстанда өндірілген халықаралық сапа стандартына сәйкес келетін өнім, еліміздің экономикалық егемендігіне өзінің үлесін қосуда. 30 мыңыншы алтын құймасы зауыт тарихындағы маңызды межелерінің бірі және еліміздің алтын-валюта резервін қамтамасыз ету бойынша тұрақты, тиімді жұмыстың көрсеткіші» ‒ деді «Тау-Кен Алтын» ЖДШС директоры Арнұр Айдарханов.
Зауытта қолданылатын алтынды аффинаждаудың электрохимиялық әдісі тазарту деңгейін кемінде 99,99%, ал FLAMELESS TUNNEL-дің жалынсыз пештері мен күмісті вакуумды айдаудың ALS Acidless Separation технологиясы «экологиялық қауіпсіздікті» қамтамасыз етеді. «Тау-Кен Алтын» ЖШС ISO 9001 (сапа менеджментінің жүйесі), ISO 14001 (экологиялық менеджмент) және ISO 45001 (еңбекті қорғай және техника қауіпсіздігі) бойынша халықаралық стандарттармен сертификатталған. Зауытта 80 адам еңбек етеді, оның 61-і өндірістік персонал.
«Тау-Кен Алтын» ЖШС — «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 100% еншілес компаниясы. 2019 жылы «Тау-Кен Алтын» Лондондағы бағалы металдар нарығы қауымдастығынан (LBMA) Good Delivery халықаралық сертификатын алды.
Фото: Дамир Сатаев