Қазақстанның тау-кен саласының дамуына жаңа серпін беру және жаһандық дағдарыс құбылыстарына қарамастан қолда бар инвестициялық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану.

Astana International Exchange (АХҚО биржасы) ұйымдастырған жинақтама сессиясында осы жөнінде айтылды. Онлайн іс-шараға Еуропа, АҚШ және Қытай инвестициялық қорларының 25-тен астам өкілі қатысты.

«Taỳ-Ken Samuryq» басқармасының төрағасы Қанат Құдайберген баяндама жасап, Жер қойнауы туралы жаңа кодексті қабылдауға, атап айтқанда, жер қойнауын пайдалану құқығын алуды жеңілдетуге байланысты оң өзгерістерді атап өтті. Ұлттық тау-кен компаниясының басшысы геологиялық барлау белсенділігін ынталандыруға бағытталған юниорлық нарықты қолдау бағдарламасының артықшылықтары туралы да айтты.

Жинақтамалық пікірталас спикерлерінің қатарында Арман Тастанбеков (AIX Құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры), Николас Бриджен (Ferro-Alloy Resources Limited бас атқарушы директоры), Юрий Власов (Sova Capital аға сарапшысы), Александр Марьин (Atygay Gold Mining бас директоры) және Қайсар Қожамұратов (Aurora Minerals Group серіктесі) сөз сөйледі.  

Онлайн сессияға қатысушылар мұндай іс-шаралар халықаралық инвесторлар мен тау-кен компаниялары арасында ақпарат және пікір алмасу тұрғысынан өте маңызды екенін атап өтті.