«Қазгеология» АҚ Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер

«Қазгеология» АҚ Директорлар кеңесінің төрағалығына «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма төрағасы Бахыт Чирчикбаев сайланды.
Естеріңізге сала кетейік, «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ арасында «Қазгеология» АҚ акция пакетінің 100% түрінде мемлекеттік мүлікті басқаруды қайта сеніп тапсыру туралы шартқа қол қойылды.
Сондай-ақ «Қазгеология» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына «Тау-Кен Самұрық» Бизнесті дамыту жөніндегі бас директоры Нариман Абсаметов кірді.