«Самұрық-Қазына» қорында көшбасшы әйелдерге арналған тренинг басталды

Қыркүйек айында «Самұрық-Қазына» қоры компаниялар тобы басшылығындағы әйелдер үлесін арттыру үшін «Гендерлік теңдік» бағдарламасының іске қосылғанын хабарлағаны аян. 2023 жылдың желтоқсанына қарай «Самұрық-Қазына» АҚ барлық тобы бойынша басқармалардағы, директорлар кеңестері мен бақылау кеңестеріндегі әйелдердің орташа үлесі 20%-ға, 2030 жылға қарай 30%-ға жетуі тиіс.

Қазірдің өзінде Қорда мемлекет қатысатын компаниялардың басшы органдарында әйелдердің үлесін біртіндеп арттыру жөніндегі ҚР Президентінің хаттамалық тапсырмасы шеңберінде әзірленген «Гендерлік теңдік» модульдік оқыту бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарламаны іске асыруды Samruk Business Academy ұйымдастыруда. Бұған дейін «Самұрық-Қазына» қоры «Сафи Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университеті» КеАҚ-мен топ компанияларының әйел басшыларын оқыту туралы келісімге қол қойған болатын. Бүгін Астанада «Қазақстанның әйелдер күштері Альянсы» ЗТБ-мен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.  «Қор атынан осы басы жақсы басталған модульдік оқыту жобасы гендерлік теңдікті іске асыруға шынымен көмектесіп, тең құқықты болашаққа маңызды әрі қажетті қадам болады деп үлкен үміт білдіремін. Барлық жоба қатысушысына алға қойылған мақсаттарыңызға жете беріңіздер, барша бастамаларыңыз тек табысты болсын деп тілегім келеді!», – деді өз сөзінде Ғибрат Ауғанов.

«Гендерлік теңдік» бағдарламасы ҚР Президентінің мемлекет қатысатын компаниялардың басқару органдарындағы әйелдер үлесін біртіндеп 30%-ға дейін арттыру жөніндегі хаттамалық тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Бағдарлама басқарушылық құзыретті дамытуға және көшбасшы әйелдерді оқытуға бағытталған. Жобаға қатысу үшін қызметкерлердің 5 жыл және одан да көп басқару тәжірибесі болуы, тиісті үлгіде өтінім жіберуі, сондай-ақ «21 ғасыр әйелі тиімді менеджер бола ала ма?» деген тақырыпта эссе жазуы керек болды.

Бағдарламаға қатысуға Қор тобындағы портфельдік компаниялардан барлығы 179 әйел өтініш білдірді. Одан кейін басқарушылық тәжірибесі расталғаннан кейін келесі кезеңге 147 үміткер өтті. Құжаттарды тапсыру және эссе жазу кезеңінен кейін барлығын уақытында және үлгіге сай тапсырған 80 адам қалды. Олар: «Қазақтелеком» АҚ, «Қазпочта» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Тау-Кен Самұрық» ҰК» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ және Қор тобының басқа да компанияларының өкілдері. 26 қазанда бағдарламаға қатысушылар өздерінің жеке әлеуетін бағалау үшін тест тапсырды. Келесі күні бағдарлама аясындағы тренинг басталды. Бес модульдің біріншісі: «Директорлар кеңесі, бақылау кеңесі, басқарма – рөлдер мен жауапкершілік» тақырыбында болды. Қатысушыларға корпоративтік басқарудың тұжырымдамасы мен ұстанымдары, компанияның басқару органдарының құрылымы; директорлар кеңесі (байқау кеңестері) және атқарушы органдар (басқарма және басқалар) мүшелерінің функциялары, құқықтары мен міндеттері; директорлар кеңесі, басқару және бақылау кеңестеріндегі мүшелік пен жұмыстың құқықтық қырлары туралы айтылды.

Ақпарат көзі: «Самұрық-Қазына» АҚ