«Алайғыр» БК» ЖШС студенттерді салынып жатқан тау-кен байыту комбинатында сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқытуды қаржыландырады

Қазақстандық кадрларды оқыту бағдарламасы кәсіпорынды білікті жұмыскерлермен толықтыру үшін әзірленген.  Компанияда геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау, пайдалы қазбаларды байыту, тау-кен ісі, автоматтандыру және басқару, электр энергетикасы бойынша дипломдары бар мамандарға сұраныс артқан. Сондай-ақ технологиялық машиналар мен жабдықтар, көлік, техникалық көлік және технологиялар бойынша мамандар қажет.

Қазіргі уақытта 26 адам мамандық алуға немесе біліктілігін арттыруға мүмкіндік алды, 2026 жылға дейін тағы 83 адам оқудан өтеді.

Осы орайда бағдарламаға тек «Алайғыр» БК» ЖШС жұмыскерлері ғана емес, республиканың барлық азаматтары да қатыса алады.

Конкурстық іріктеуден өткен үміткерлер үшін қазақстандық ЖОО және ООО-да білім алу толығымен тегін. Өз кезегінде бағдарламаға қатысушылар академиялық үлгерімнің жоғары деңгейін, сабаққа толық қатысуды қамтамасыз етуі және диплом алғаннан кейін 3 жыл «Алайғыр» БК» ЖШС-да жұмыс істеуі тиіс.