«Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамы 2011 жылғы 21 маусымда №684 қаулысына сәйкес құрылды.
Құру мақсаты — Республика аумағын оңтайлы игеруді қамтамасыз ету, халықтың тіршілігі үшін қолайлы жағдай жасау және келешек буынның қоры үшін жаңа минералдық-шикізат базасын құру, сондай-ақ Каспий қайраңының қазақстандық секторында Қазақстанның экономикалық және геосаяси мүдделерін іске асыруды қамтамасыз ету.
2023 жылғы 18 қыркүйекте «Қазгеология» АҚ-ның акцияларына иелік ету «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамына өтті.
«Қазгеология» АҚ-ның 100% акциялары 2023 жылғы 5 қазанда «Тау-Кен Самұрық» ҰТК АҚ-ның жарғылық капиталына берілді.
«Қазгеология» АҚ бас директоры Даурен Қанатұлы Әбуов.
БСН: 110640019728
Заңды мекенжайы: Қазақстан, Астана, Нұра ауданы, Сығанақ көшесі, 17/10 ғимарат, индекс 010000