​«Тау-Кен Самұрық» АҚ 2014 жылғы қызметтің қорытындысы бойынша жыл сайынғы есепті жиналыс болып өтті

Есепті кезеңнің жалпы қорытындысы мен жетістіктерін «Тау-Кен Самұрық» АҚ Басқарма төрағасы М.Ә. Тұрмағамбетов айтып өтті. Өткен жыл, толықтай алғанда, компания үшін нәтижелі болып, «Тау-Кен Самұрық» АҚ алдына қойылған міндеттер толық іске асырылды.

2014 жылы «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауытының операциялық қызметі және сынамасы 99,99% стандартты банктік құйма алтынды ҚР Ұлттық Банкіне жөнелту басталды. Жалпы сомасы 40 млд. теңгеден асатын 5 914,1 кг алтын жөнелтілді. Аффинаж зауыты жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында, үстіміздегі жылы өндіріске күмісті вакуумды дистилятты айдау инновациялық технологияны енгізу жоспарланып отыр. Компания есепті кезеңде «Масальский ТБК» ЖШС жарғылық капиталына 93% қатысу үлесін және «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ 100% акциялар пакетін сатып алды. Қазіргі сәтте қытайлық «CNTIC» компаниясымен қол қойылған келісім аясында «Ақмола облысындағы Масальский кен орны» жобасы бойынша, темірді тікелей қалпына келтіруді (DRI) анықтау және таңдау үшін, технологиялық зерттеулер мен тәжірибелік-өнркәсіптік сынақтар жүргізу жоспарлануда. «Қызылорда облысындағы Шалқия кен орны» жобасын іске асыру барысында, банктік ТЭН әзірленіп, сыртқы су және электрмен жабдықтауды жобалау жүргізіледі, инфрақұрылым жобалары бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүзеге асатын болады. Сондай-ақ, байыту фабрикасын жете толық жобалау күтіледі.

69e58254e7f990faabe1300b6b95ef4f.JPG2014 жылы Қарағанды қаласындағы металлургиялық кремний өндірісі жөніндегі зауытта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, №1 кен-термиялық пешінде алғашқы балқыту жүзеге асырылып, өнеркәсіптік көлемдегі металлургия кремнийі алынды. Шамамен 2 мың тонна кремний өндірілді, оның ішінде 477 тоннасы Еуропаға, 440 тоннасы АҚШ-қа сатылды. 2015 жылы екінші пешті және көмекші жабдықтарды жөндеу жұмыстарын жүргізу (қаптау), шикізатпен қамтамасыз ету жалғасатын болады. Екінші пеш іске қосылғаннан кейін, бірінші пешті жөндеу басталып, оны 2015 жылдың соңында аяқтау жоспарланып отыр. «Алайғыр» кен орнында жаңа байыту фабрикасының сыртқы инфрақұрылымдары обьектілерін жобалау мен құрылысын аяқтау күтіледі. Айта кететін жай, есепті кезеңде Қоғам мен оның еншілес ұйымдарының өндірістік алаңдарында жазатайым оқиғалар тіркелген жоқ.

Әлеуметтік ҚМК қатысты қызметкерлердің қанағаттануы, ниеттестік дәрежесі мен ынтагерлікті қолдауы туралы қызметкерлердің еліктіргендік индексі – 2014 жылы жоспарланған индекстің 70% орнына 84% құрауы көрсетеді.

Басқарма Төрағасы өз сөзінде Компанияның қол жеткізген табыстары бүкіл ұжымның, барлық өндіріс қызметкерлерінің, цех, департамент, қызметтердің және жекелей алғанда әрбір жұмысшының тынымсыз еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті. Аяқ басқан жыл пайдалы қазбалардың елеулі қоры бойынша технологиялық күрделі кен орындарын өнеркәсіптік пайдалануда, жаңа кен орындарын ашуда әлі де барынша ауқымды және күрделі міндеттерді алға тартып отыр. Еліміздің тау-кен өнеркәсібін одан әрі дамыту, аталған міндеттерді тиімді орындауға тікелей байланысты болады.

35fe348aa61920436f9393a4ce11fcb6.JPG

Қазіргі таңда, корпоративтік басқару, қызметкерлер мен тәуекелдерді басқару, ақпарат ашу, тұрақты даму, заң бұзушылықтарға (алаяқтық, сыбайлас жемқорлық және басқа да кемшіліктерге) қарсы іс-қимылдар бойынша бірқатар құжаттар және т.б. әзірленіп, қолданысқа енгізілді. Трансформация бағдарламасы бойынша дайындық жұмыстары басталды. «Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлары кеңесінің шешімімен Қоғамды трансформациялау жөніндегі Жол картасы бекітілді, ол барлық негізгі үш бағыт: адамдар, үдерістер, технологиялар бойынша 2017 жылға дейін трансформациялаудың барлық тиісті іс-шараларын қарастырады.