2013 жылғы 17 қаңтарда «Тау-Кен Самұрық» АҚ өкілдерінің Халықаралық экономикалық альянс директоры-құрылтайшысы Ван Маккормик және «Sun Group» компаниясы Басқарма төрағасының орынбасары Шиф Фикрам Кхемка мырзалармен кездесуі болып өтті. Кездесу тақырыбы Қазақстан Республикасындағы қатты пайдалы қазбалар кен орындарын бірлесіп игеру шеңберінде нақты жағдайларды талқылауға арналды. Сондай-ақ, тараптар Қазақстан Республикасы аумағындағы алтын мен мыстың перспективалы кен орындарын бірлесіп игеру мүмкіндігін талқылады және екі жақты ынтымақтастықтың алдағы қадамдарын айқындады.