«Тау-Кен Самұрық» АҚ өкілдерінің «QATAR Mining» катарлық металлургия компаниясының өндіріс жөніндегі директоры Хамад Рашид Аль-Атбах мырзамен кездесуі болып өтті

2013 жылғы 21 қаңтарда «Тау-Кен Самұрық» АҚ өкілдерінің «QATAR Mining» катарлық металлургия компаниясының өндіріс жөніндегі директоры Хамад Рашид Аль-Атбах мырзамен кездесуі болып өтті. Кездесуге сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы Катар Мемлекетінің Елшілігі істеріндегі уақытша сенімді өкілі Абдалла Аль-Саид мырза қатысып отырды. Келіссөздер барысында тараптар, Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан бірқатар қатты пайдалы қазба кен орындары бойынша ынтымақтастықтың ықтимал шарттарын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жемісті ынтымақтасу мақсатында талқылауды одан әрі жалғастыруға бел байлады.