«Тау-Кен Самұрық» АҚ персонал қызметін бағалау жүйесін жетілдіру бойынша тренинг өткізілді

2016 жылғы 22-25
ақпан аралығында «Тау-Кен Самұрық» АҚ басшылары арасында «Қызметті бағалау»
тақырыбында тренингі өткізілді. Аталған тренингтің мақсаты Трансформацияның Жол
картасы аясында қабылданған әкімшілік және басқарушылық қызметкерлердің қызметін
бағалау жүйесін енгізу бойынша, сондай-ақ,
қызметкерлердің жұмысын жүргізу және бағалау бойынша басшылардың
дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Аталған тренинг
мынадай кейстерді қамтыды:

  • қызметті бағалау жүйесін
    енгізу;
  • жұмысты жоспарлау;
  • құзырет және құзыреттілік;
  • бағынушы тұлғаны жетістікке
    жеткізу;
  • есептік кезеңнің қорытындысы
    бойынша шолу кездесу.

Қызметті бағалау
әдіснамасы қызметкерлерге дағдыларды дамыту, құзырет пен күш-қуат деңгейіндегі
есептік кезеңде басшылықпен келісілген қызметті бағалаудың әділ бағасын алуға,
ал басшылар үшін – қызметкерлердің құзыретін айқындауға және олардың одан әрі
даму жоспарын бекіту арқылы Компанияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу
үшін олардың қызметінің тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Айбек Ижанов – «Тау-Кен
Самұрық» АҚ Геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі басқарушы директоры – Басқарма мүшесі:

«Тренинг
аяқталғаннан кейін, әрбір тарауы (жұмысты жоспарлау, құзыреттіліктік бағалау,
тиімді кері байланыс, уақытты басқару, коучинг) тағы да жеке дара тренингтер
үшін тақырып бола алатын кең ауқымдылығына қарамастан, ой-санаға өзгеше әсер
етіп, өзіңді және өзгелерді қалай ынталандыру керектігі сияқты қосымша білім
мен дағдылар игерілді. Келешекте өздігімнен қажетті қасиеттерді дамытып, қызметімде
оң нәтижелерге жеткізуге түрткі болатын дұрыс жол таңдау мүмкіндігін беретін
процестерді іске қосуға тренер Владимир Шиковтың үлкен септігі тиді. Айта
кететін жайт, осындай тұлғалық өсу және өзін-өзі дамыту сияқты тренингтерді өткізу
«Тау-Кен
Самұрық»
АҚ алдына қойған Стратегиялық даму мақсаттарын жүзеге
асыру арқылы қазіргі заман талаптарында Компанияның трансформациялануы
бастамасында өзекті болып табылады».

Динара Юсупова – «Тау-Кен Самұрық» АҚ Ішкі аудит қызметі басшысының
міндетін атқарушы:

«Адам
табиғатынан бірегей және әрбір адамның бойында өзіне ғана тән қасиет пен
қабілет бар. Алайда, барлығы бірдей осы қасиеттерін айқындап, жұмыста қолдана
алмайды. Нәтижесінде, адам мансапта және шығармашылықта өзін толығымен көрсете
алмағандықтан, бұл оның жұмыс нәтижесіне теріс әсер етуі мүмкін. Осы тренингте
мен персоналды бағалаудың көптеген қызықты әдістерімен таныстым. Тренингте
алған білімдеріміз әрбір қызметкердің бойында жасырын жатқан қабілеттерді
айқындауға көмектесіп, оларды жұмыс процесін жетілдіру үшін қолдануға мүмкіндік
береді. Ол біздің Компанияның қызметіне міндетті түрде жағымды әсер ететін
болады».

Бизнес-тренер
Владимир Шиков тренинг аяқталғаннан кейін білім алудан сәтті өткендігі туралы
Компания қызметкерлеріне сертификаттар ұсынып, тренинг барысындағы
белсенділіктері үшін алғыс білдірді.

ac8bb8596c405103089622b01e0cbbbc.JPG

Анықтама үшін. Шиков Владимир
Хасанович – РФ алдыңғы қатардағы консультанттарының бірі. Оның клиенттері
қатарына әлемнің және Ресейдің ірі компаниялары кіреді. Консалтингтегі жұмыс
тәжірибесі 15 жылдан артық. Стратегиялық сессиялар мен топ-менеджерлерді
бағалау жұмыстарын жүргізеді. Мамандығы – жоғарғы буынның және 300 адамға
дейінгі үлкен топтардың менеджерлеріне қолдау көрсету және дамыту
бағдарламалары. Стратегияны әзірлеу бойынша қиын әрі кешенді тапсырмаларды
орындауда, қызметкерлерге баға беріп, оларды оқытуда, ұйымдастырушылық жобалау
мен корпоративтік университеттер құруда үлкен тәжірибеге ие.

2016 жылғы 1
қаңтардан бастап Компанияда қызметкерлердің жұмысын бағалау қағидасын (әкімшілік және басқарушылық персонал)
жетілдіру іске қосылды. Алдыңғы қағидаға қарағанда жаңа қағидадағы бағалау
процедурасы есептік жыл бойында қызметкерлер игерген қызмет нәтижесін бағалауды
есепке ала отырып, қызметкерлердің іскерлік және көшбасшылық құзыретін
бағалауға негізделеді, ал алдыңғы бағалау қағидасында қызметкерлердің қызмет
нәтижесі ғана бағаланатын.