«Тау-Кен Самұрық» Ұлттық тау-кен компаниясы «Жария емес компанияның 2021 жылға үздік жылдық есебі» номинациясы бойынша дипломант атанды

Қазақстан қор биржасы (KASE) Қазақстанда қаржылық емес есептілікті дайындау практикасын дамыту мақсатында конкурс ұйымдастырып, өткізді.

Конкурс шеңберінде Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғаларының 2021 жылға жылдық есептері мен орнықты даму туралы есептеріне бағалау жүргізілді.
Есептердің түрлі сипаттамалары ескерілді, олар 150 критерий бойынша бағаланды. Конкурсқа қаржылық және қаржылық емес секторлардың 23 ұйымы қатысуға өтінім берді.