«Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ мен Eczacıbaşı холдингі (Түркия) жаңа бірлескен кәсіпорын (БК) құрды

«South Urals Limited» ЖШС Ақтөбе облысында алтын және мыс іздеумен айналысатын болады. Геологиялық барлау кезеңі сәтті аяқталған жағдайда түсті және бағалы металдарды бірлесіп шығару, оны өндіру жоспарланып отыр.

          БК-ны құру туралы алдын ала уағдаластыққа биылғы мамыр айында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген еді. Сыртқы істер министрлігі мен Түркия Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауының арқасында Eczacıbaşı-ды инвестор ретінде тарту мүмкін болды.

Eczacıbaşı холдингі – 12000-нан астам адам жұмыс істейтін 46 компанияны қамтитын әйгілі түрік әртараптандырылған өнеркәсіптік тобы. Табиғи ресурстарды игеруден басқа Eczacıbaşı құрылыс және тұтыну тауарларын шығарады. Ақпараттық технологиялар, даму және денсаулық сақтау салаларындағы жұмысы да белсенді жүріп жатыр.