«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқармасының Төрағасы Лондонға жұмыс сапарымен барып, әлеуетті әріптестермен және инвесторлармен бірнеше ондаған кездесулер өткізіп, ынтымақтастық туралы алдын ала уағдаластықтарға қол жеткізді.
«Minex Eurasia» және «MinesandMoney 2018» форумдарында қатыса отырып, Қанат Құдайберген Қазақстанның металлургия және кен өндіру секторына инвестициялаудың артықшылықтары туралы баяндама жасады: бірінші кезекте, бұл болашақ кен орындарының болуы, елдің қолайлы географиялық жағдайы, дамыған логистика мен инфрақұрылым, қолайлы инвестициялық климат.
Ұлыбританиядағы қазақстандық PhD қауымдастығының (KazPhDassociationinthe UK andIreland), «Самұрық-Қазына» АҚ және «Тау-Кен Самұрық» АҚ өкілдері дөңгелек үстел басында ғылымның, индустрия мен бизнестің өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Қанат Құдайберген PhD студенттерімен саланың дамуы туралы өз пайымдарымен бөлісті және нақты қандай ғылыми зерттеулер кен рудасының секторы үшін пайдалы болатынын айтты.