Жаңа ғыыми-зерттеу орталығы тау-кен саласын дамытуға кедергі келтіретін бірқатар проблемаларды шешеді

«Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясы мен Satbayev University ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін бірлескен кәсіпорын құрады.

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК АҚ Басқарма Төрағасы Қанат Құдайберген және Satbayev University-нің ректоры ИскандерБейсембетов тиісті келісімге қол қойды.

Кәсіпорын Қазақстанның тау-кен саласын дамытуға кедергі келтіретін бірқатар проблемаларын шешуге көмектеседі.

Атап айтқанда, Ғылыми-зерттеу орталығы (ҒЗО) минералдық шикізатты геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеуді жүзеге асыратын инновациялық технологияларды әзірлеумен және енгізумен және сонымен қатар, қосымша инвестициялар тарта отырып, осы технологияларды коммерцияландырумен айналысады; орталықтың мамандары тау-кен металлургия секторындағы кәсіпорындар үшін ғылыми-зерттеу және тәжірибелілік-конструкторлық жұмыстар жүргізетін болады.

Жаңадан құрылатын ҒЗО қызметінің тағы бір бағыты – бакалавриат, магистратура және РhD-докторантура бағдарламалары бойынша тау-кен саласы үшін кадрлар даярлау, сондай-ақ, шетелдік озық оқу орындары мен ғылыми орталықтарының оқытушыларын тарта отырып, салада жұмыс істейтін мамандарға тренингтер мен семинарлар ұйымдастыру және өткізу.

Қанат Құдайберген келісімге қол қою рәсімі барысында бірлескен кәсіпорын құру – ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру – геологиялық барлау секторы мен онымен аралас металлургия саласын дамытуға жаңа қарқын беретін тікелей кіріктірілген мемлекеттік холдинг қалыптастыру жолындағы алғашқы қадам болатынын атап өтті.

2f090fb20f534fd076cd88d955fb1b83.jpg