Жария емес компанияның 2022 жылғы үздік есебі

«Тау-Кен Самұрық» жария емес компанияның үздік жылдық есебі бойынша марапатталды.

Қазақстандық қор биржасының (KASE) сарапшылары 150 өлшемшарт бойынша отандық компаниялардың есептілігін бағалады.

«Орнықты даму 2022 жылғы үздік есеп» номинациясында: «Самұрық-Қазына» АҚ – лауреат, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «First Heartland Jýsan Bank» АҚ – жеңімпаз болып дипломдармен марапатталды.

«Жария емес компанияның 2022 жылғы үздік есебі» номинациясында: «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ – лауреат атанса, «Қазпошта» АҚ мен «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС – жеңімпаз дипломдарын иеленді.  Өткен жылы «Тау-Кен Самұрық» ұқсас марапатқа ие болған еді.

«2022 жылғы үздік жылдық есеп» номинациясында қаржы секторының – АО «ForteBank» (лауреат), «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ мен «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ (жеңімпаздар); қаржылық емес сектордың – «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ  (лауреат), «ҚазТрансОйл» АҚ мен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (жеңімпаздар)  компаниялары дипломдармен марапатталды.

KASE 2022 жылдан бастап жылдық есептердің конкурсын өткізеді. Жылдық есептерді бағалауды KASE қызметкерлері, сондай-ақ жылдық есептерді бағалау және дайындау саласындағы қазақстандық сарапшылар өткізеді. Бұрындары аталған конкурсты «Эксперт РА Қазақстан» және «QRA» сияқты рейтингтік агенттіктер өткізген болатын.