Бүгін «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма төрағасы Нариман Абсаметов пен Конго Республикасы Президентінің стратегиялық мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жеке өкілі, министр Франсуаза Жоли тау-кен саласындағы өзара іс-қимыл әлеуетін талқылады.
Сарапшылар Конго Республикасының минералдық-шикізат базасының әлеуетін жоғары бағалайды, бұл ретте аумақтардың геологиялық зерделенуінің жеткіліксіздігі байқалады. Жер қойнауын пайдалану саласындағы күшті геологиялық мектебі мен құзыреті бар Қазақстан Конголық әріптестеріне қажетті сараптаманы ұсына алады.
Сұхбаттасушылар ынтымақтастыққа өзара мүдделілікті растап, геологиялық барлау жобаларын іс жүзінде іске асыру мүмкіндіктерін түбегейлі пысықтауға келісті.