Жұмыс сапары

«Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері Қарағанды облысындағы ұлттық тау-кен компаниясының өндірістік объектілеріне жұмыс сапарымен барды. «Tau-Ken Temir» ЖШС ҚР Үкіметінің қаулысымен Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына енгізілген. Директорлар кеңесінің мүшелері кәсіпорын басшылығымен активті бәсекелестік ортаға беру үшін дайындық деңгейін талқылады.

ДК мүшелері Алайғыр кен орнындағы байыту фабрикасының құрылыс барысын тексерді, сондай-ақ «Алайғыр» БК ЖШС басшылығының есебін тыңдап, мердігерлермен және жұмысшылармен кездесті. Логистика және болашақ кәсіпорынның дайын өнімін өткізу, құрылыс жұмыстарының сапасы және технологиялық жабдықты монтаждау мәселелерін тиянақты пысықтау қажет екеніне баса назар аударылды.