«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы «Самұрық-Қазына» АҚ ұйымдастырған алғашқы «HR-бренд 2025» корпоративтік байқауына қатысты.
Байқау «Жұмысшы мамандықтары жылы» контекстінде өндірістік құзыреттіліктер мен қолданбалы дағдыларды дамытуға, еңбекке деген құрметті қалыптастыруға және кадр ресурсын дамытуға баса назар аудара отырып, «Самұрық-Қазына» компаниялар тобындағы үздік HR-практикаларды анықтауға және ілгерілетуге бағытталған.
Байқауға «Самұрық-Қазына» тобының 9 компаниясы қатысып, бес номинация бойынша 25 кейсті таныстырды.
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов: «Байқау алғаш рет өткізіліп отырғанына қарамастан, қазірдің өзінде топ ішінде HR-тәсілдердің тартылуы мен жетілуінің жоғары деңгейін көрсетті. Бұл таңдалған вектордың негізгі даму стратегиясы ретінде адами капиталға салынған инвестицияларға тұрақтылығын растайды» ‒ деді.
«Тау-Кен Самұрық» командасы жаңа кадр саясатының негізгі бағыттарын, оның ішінде әділ еңбекақы, әлеуметтік тұрақтылық және корпоративтік мәдениетті нығайту мәселелерін көрсете отырып, «HR серпілісі» номинациясында өзінің кейстерін ұсынды.
Іске асырылған бастамалар арасында:
- ШҚТУ-мен серіктестікте тау-кен саласының бейіні бойынша Hard Skills мамандандырылған оқыту бағдарламалары
- халықаралық тағылымдама және сертификаттау бағдарламалары
- икемді (қашықтықтан және аралас) жұмыс режимін енгізу
- әкімшілік және өндірістік персонал арасындағы еңбекақы алшақтығын төмендету кездеседі.
Нәтижесінде жұмыскерлердің еңбек өнімділігін 44%-ға (2 млрд 322 млн 183 мыңға дейін) ұлғайтуға және HR — бренд денсаулығының негізгі көрсеткіштерін-тарту, әлеуметтік тыныштық және әл-ауқат индекстерін арттыруға қол жеткізілді.

Осылайша «Тау-Кен Самұрық» адами капиталды басқару саласында жоғары стандарттарды белгілей отырып, өзгерістер мен қиындықтарға жоғары бейімделуді көрсетеді.
Алдағы жоспарға HR-процесстерін цифрландыруды тереңдету, мықты HR-брендті дамыту және таланттармен жүйелі негізде жұмыс істеу енгізіліп отыры.
«HR-бренд 2025» байқауының жеңімпаздары:
«Қазақстан Темір Жолы» АҚ – Персоналды іріктеу шебері
«Самұрық-Энерго» АҚ – Таланттар сәулетшісі
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ» – HR-серпілісі
«Қазпошта» АҚ – Белсенділік драйвері
«KEGOC» АҚ – Цифрлық HR жетекшісі»;
Болашақта «HR-бренд 2025» байқауы тәжірибе алмасу және топ ішінде HR саласындағы үздік тәжірибелерді ілгерілетуге арналған дәстүрлі алаңға айналады.