Ақмола облысындағы Масал кен орны темір рудасын өндіру

Пайдалы қазба түрі

Негізгі элемент: темір (Fe)

Инфрақұрылым және ауданның қысқаша сипаты

Масал кен орны Ақмола облысының Жарқайың ауданында, Есіл-Арқалық теміржол тармағының Приишимский станциясының шығысында 16 км, Орталық Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінде, Торғай ойпатының Қазақ ұсақ шоқысы шекарасында орын тепкен, Есіл Луки деп аталатын аумақта орналасқан.

Объектінің қысқаша сипаты

Масал кен орны көлемі 3 х 3.5км болатын Масал интрузив сілеміне ұштасқан. 2008-12 жылдарда жүргізілген барлау нәтижелері бойынша, руда дене шығыс-оңтүстік-шығысқа құлайтын, орталық бөлігі тарыла түсетін күрделі діңгек пішінді келеді. Учаскенің оңтүстік бөлігінде дененің іргетас бетіне шығуы дөңгелек пішінді болады, мөлшері 1.25х1.0 км;солтүстік бөлігінде дененің іргетас бетіндегі сұлбасы ұзарған-сопақша пішінді келіп, аса ауқымды алапты алып жатыр, мөлшері 1.0х0.3км. Өңтүстік және солтүстік бөлігі арасындағы мойнақ солтүстік-солтүстік-батыс бағытқа қарай созылған, оның мөлшері 0.3 х 0.2км.

Қоры/ресурсы және геологияның қысқаша сипаттамасы

Масал кен орны жеткілікті деңгейде зерттелді. Кен орнының запасы JORC жіктемесі бойынша да, ҚР МЗК жіктемесі бойынша да бағаланды. Кеннің қосынды пайдалану (ҚР МЗК 2013 жылғы 02 қыркүйектегі № 1327-13-У хаттамасы бойынша мемлекет балансына алынған) запасы С1 және С2 категориялары бойынша 729 155 727 тоннаны, темірдің орташа құрамы – 15.82% құрайды.

Жоспарланған іс-шаралардың ағымдық мәртебесі және қысқаша мазмұны

Қазіргі уақытта «Масал кен байыту комбинаты» ЖШС жоба бойынша стратегиялық инвесторды тарту, кен орнын өнеркәсіптік игеру жобасына, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану келісімшарты талаптарына өзгерістер енгізу жұмыстары жүруде. 2018 жылы ТМК жобалау және салуға техникалық тапсырмалар жобасын толықтыру жоспарлануда.

Қосымша ақпараттар мен ескертпелер

Жобаның операторы «Масал кен байыту комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады, оның 93% қатысу үлесіне «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» aкционерлік қоғам иелік етеді.