Түркістан облысындағы «SH Minerals» ЖШС-мен геологиялық барлау жобасы

Сирек және сирек жер металдардың, сондай-ақ уранның кен орындарын іздеу бойынша геологиялық барлау жобасы шеңберінде Түркістан облысында жалпы ауданы 41,54 км2 бір лицензияда Taý-Ken Samuryq пен «SH Minerals» ЖШС (бұдан әрі – SH) қазақстандық юниорлық компаниясымен ынтымақтастық аясында SH пен Taý-Ken Samuryq пайдасына 80% және 20% қатысу үлесін бөлу арқылы 2021 жылғы 28 шілдеде «Нұр Дала БК» бірлескен кәсіпорны құрылды.

2020-2022 жылдар кезеңінде жоба бойынша керндік бұрғылауды және одан әрі зертханалық талдау үшін сынамалар алуды қоса алғанда, белсенді геологиялық барлау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта SH геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда.