«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Тау-Кен Самұрық») «Tau-Ken Temir» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Silicon mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – «Активтер») жарғылық капиталындағы 51% бастап 100% дейінгі қатысу үлестерін өткізу бойынша ашық екі кезеңдік конкурстың (бұдан әрі – Конкурс) аяқталғаны туралы хабарлайды.
Конкурстық ұсыныстарды бағалау өлшемшарттары Активтер үшін ұсынылатын баға болды.
Конкурстық ұсынысында бөліп төлеу немесе бөліктеп (траншпен) төлеу шарттарын ескере отырып, Активтерді сатып алудың неғұрлым жоғары бағасы ұсынылған қатысушы Конкурс жеңімпазы деп танылды.
Конкурстық ұсыныстарды қарау нәтижелері бойынша құрамында «METALEEN INVESTMENTS HOLDINGS» LLC және «TSP ALUMINIUM ANYSTERY COMPANY» бар Консорциум (бұдан әрі – Жеңімпаз) конкурс жеңімпазы болып танылды.
Конкурс аясында әлеуетті қатысушылардан бес ұсыныс алынды:
Конкурсқа қатысушы | Сатып алуға ұсынылатын үлестің мөлшері | Ұсынылған баға (тг) | 100% бағасы (тг) |
Құрамында «METALEEN INVESTMENTS HOLDINGS» LLC және «TSP ALUMINIUM ANACING COMPANY» компаниялары бар консорциум | 55% | 4 906 880 000 | 8 921 600 000 |
2-қатысушы | 100% | 8 500 000 000 | 8 500 000 000 |
3-қатысушы | 100% | 5 170 000 000 | 5 170 000 000 |
4-қатысушы | 100% | 5 010 000 000 | 5 010 000 000 |
5-қатысушы | 51% | 2 538 305 861 | 4 977 070 316 |
Конкурстың инвестициялық міндеттемелері шеңберінде Жеңімпаз (Конкурстық құжаттаманың № С1 қосымшасына және № С2 қосымшасына сәйкес), оның ішінде:
- Активтер қызметінің бейінін Шарт жасалған күннен бастап кемінде 5 (бес) жыл бойы сақтауды қамтамасыз етуге;
- өндірісті 2 (екі) жыл ішінде қайта іске қосуға (Тау-Кен Самұрықтың қатысуынсыз);
- Активтердің Тау-Кен Самұрық алдындағы борыштарын өтеуге (нақты сома сатып алу-сату шартын жасасқан күні айқындалатын болады, 2024 жылғы 26 сәуірдегі жағдай бойынша Активтердің топішілік берешегі 4 132 мың теңге);
- пут-опционды орындауға міндеттенеді. Тау-Кен Самұрық активтерінің жарғылық капиталындағы 55 % қатысу үлесін сатып алу-сату шартын жасасқан күннен бастап 5 жылдан аспайтын мерзімде Жеңімпаздан тараптар айқындаған мөлшерде кірістілікке индекстеуді қолдана отырып, Активтердің жарғылық капиталындағы 1% қатысу үлесінің есептелетін сатып алу бағасынан кем емес баға бойынша Активтердің жарғылық капиталындағы қалған 45% қатысу үлесін сатып алуды талап етуге құқығы бар, ал Жеңімпаз Тау-кен Самұрықтан аталған үлесті Тау-Кен Самұрықты сатып алу туралы тиісті талап жіберілген күннен бастап 6 айдан аспайтын мерзімде немесе Тараптар келіскен өзге мерзімде сатып алуға міндетті болады.
САУДА-САТТЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА (10 сәуірден бастап)
«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау кен компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Салалық компания») Салалық компанияға тиесілі «Tau-Ken Temir» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына қатысудың 51%-дан бастап 100%-ға дейінгі үлесін және «Silicon mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына қатысудың 51%-дан бастап 100%-ға дейінгі үлесін (бұдан әрі – «Активтер», ал жеке «Актив») сату бойынша 2024 жылғы 31 қаңтарда жарияланған Ашық екі кезеңді конкурс тәсілімен сауда-саттық өткізу туралы хабарламасына (бұдан әрі – «Бастапқы хабарлама») өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды. Осы хабарламада пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар олардың бастапқы хабарламада берген мағынасына ие. Бастапқы хабарламаға келесі өзгерістер енгізіледі:
- Конкурстың екінші кезеңі бойынша қорытынды шығару және жеңімпазды 2024 жылғы 24 сәуірге (қоса алғанда) дейінгі мерзімде таңдау;
- Бірінші кезеңнің қорытындылары шығарылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Конкурстық ұсыныстарды қабылдау.
Осы Хабарлама орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде жасалды. Қарама-қайшылықтар туындаған жағдайда Хабарламаның орысша нұсқасы басым күшке ие болады.
Келесі телефон нөміріне хабарласып конкурсты өткізу бойынша қосымша ақпаратты алуға болады:
Айдын Жақсыбаев +7 (771) 800 3143, ajaxybayev@kpmg.kz
Жәнібек Тоқанов: +7 (702) 695 61 91, ztokanov@kpmg.kz
САУДА-САТТЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА (14 наурыздан бастап)
«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау кен компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Салалық компания») Салалық компанияға тиесілі «Tau-Ken Temir» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына қатысудың 51%-дан бастап 100%-ға дейінгі үлесін және «Silicon mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына қатысудың 51%-дан бастап 100%-ға дейінгі үлесін (бұдан әрі жиынтықта – «Активтер», ал жеке – «Актив») сату бойынша Ашық екі кезеңді конкурс тәсілімен сауда-саттықты өткізу бойынша 2024 жылғы 31 қаңтарда жарияланған хабарламаға (бұдан әрі – «Бастапқы Хабарлама») өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды. Осы хабарламада пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар олардың Бастапқы Хабарламада берген мағынасына ие. Бастапқы Хабарламаға мынадай өзгерістер енгізіледі:
- Бастапқы Хабарламадағы талаптарға сәйкес жасалған конкурстық өтінімдерді қабылдау Астана қ. уақыты бойынша 2024 жылғы 26 наурызда (қоса алғанда) сағат 10.00 сағатқа дейін Астана қ., Сығанақ к-сі, 17/10 мекенжайы бойынша жүзеге асырылатын болады;
- Конкурстың қорытындысын шығару және жеңімпазды 2024 жылғы 17 сәуірге дейінгі мерзімде таңдау;
- Салалық компанияның банктік шоты: ЖСК KZ696010111000044877 (шот теңгемен), ЖСК KZ966010111000047301 (шот АҚШ долларында).
Осы Хабарлама орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде жасалды. Қарама-қайшылықтар туындаған жағдайда Хабарламаның орысша нұсқасы басым күшке ие болады.
Келесі телефон нөміріне хабарласып конкурсты өткізу бойынша қосымша ақпаратты алуға болады:
Айдын Джаксыбаев +7 (771) 800 31 43, ajaxybayev@kpmg.kz
Жанибек Токанов: +7 (702) 695 61 91, ztokanov@kpmg.kz
САУДА-САТТЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау кен компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Салалық компания») Салалық компанияға тиесілі «Tau-Ken Temir» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына қатысудың 51%-дан бастап 100%-ға дейінгі үлесін және «Silicon mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына қатысудың 51%-дан бастап 100%-ға дейінгі үлесін (бұдан әрі – «Активтер», ал жеке «Актив») сату бойынша Ашық екі кезеңді конкурс тәсілімен сауда-саттықты (бұдан әрі – «Конкурс») 2024 жылғы 31 қаңтарда сағат 9.00-де (Астана қаласының уақыты бойынша) Астана қаласы, Сығанақ к-сі, 17/10 мекенжайы бойынша өткізетінін хабарлайды (бұдан әрі – «Хабарлама»). Сауда-саттық Активтегі 51%-дан бастап 100%-ға дейінгі қатысу үлесінің (бұдан әрі – Қатысу үлесі) сатып алу – сату шартын (бұдан әрі – «Шарт») жасасу үшін Активтерді сатудың болжамды бағасын, өзге де талаптарын айқындау мақсатында жүргізіледі. Активтерді сатуды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қандай да бір рұқсаттары мен келісулері қажет болса, Шарт осындай рұқсаттар мен келісулер берілген жағдайда жасалады.
Конкурсты өткізу тәртібі
Активтерді сату «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің сырттай отырысының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 181 шешімімен, 2021 жылғы 8 сәуірдегі жағдай бойынша № 183 хаттамаға, 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 187 хаттамаға, 2022 жылғы 26 тамыздағы №202 хаттамаға, 2023 жылғы 20 маусымдағы № 219 хаттамаға, 2023 жылғы 19 желтоқсандағы № 228 хаттамаға өзгерістермен және толықтырулармен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың активтерін бәсекелес ортаға беру қағидаларына (бұдан әрі – «Қағидалар») және https://tks.kz/privatizacia/ сайтында орналасқан «Tau-Ken Temir» ЖШС және «Silicon mining» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы қатысу үлесін сату бойынша конкурстық құжаттамаға (бұдан әрі – «Конкурстық құжаттама») сәйкес жүзеге асырылады.
Конкурстың тәртібі, кезеңдері мен шарттары Қағидалармен және Конкурстық құжаттамамен айқындалады.
1-кезең мыналарды қамтиды:
1) Құпиялылық туралы келісімге қол қою және осы Хабарламаны жарияланған сәттен бастап Конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін Активтермен танысу (бұл термин төменде айқындалғандай). Активтерге қатысты құпия ақпараты бар ақпараттық бөлмеге (Деректер бөлмесіне) қол жеткізу құқығы конкурстың әлеуетті қатысушыларына құпиялылық туралы келісімге қол қойылғаннан кейін беріледі.
2) Хабарламадағы талаптарға сәйкес жасалған конкурстық өтінімдерді қабылдау (бұл термин төменде айқындалғандай) Астана қаласының уақыты бойынша 2024 жылғы 14 наурызға дейін (Хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік 44 күн ішінде) Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 17/10 мекенжайы бойынша жүзеге асырылатын болады. Конкурстық өтінім – қатысушыны сауда-саттыққа жіберу туралы шешім қабылдау үшін Активтерді сатып алу шарттарының кешенді сипаттамасын қамтитын, сауда-саттықты өткізу шеңберінде әлеуетті қатысушы ұсынатын құжаттар топтамасы (бұдан әрі – «Конкурстық өтінім»). Конкурстық өтінім заңды түрде міндеттейтін сауда-саттыққа қатысу ниетін, оның шеңберінде қатысушы ең төменгі бағадан төмен болмауы тиіс алдын ала баға ұсынысын беретін конкурс шарттарымен келісуді білдіреді.
3) Конкурстық өтінімдер салынған пакеттерді ашу және оларды конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдер беру үшін мерзім аяқталған күні Салалық компания комиссиясының Хабарлама талаптарына сәйкестігін (алдын ала ұсыныстарды бағалау өлшемшарттарына сәйкестікті тексермей) тексеруі.
4) Конкурстық өтінімдерді ашу аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Конкурстық өтінімдердегі кемшіліктерді жою үшін Салалық компанияның құрылымдық бөлімшесінің (бұдан әрі – «Жауапты департамент») өтініш берушілердің атына жазбаша хабарлама жіберуі. Осы мерзім қажет болған кезде 2 (екі) жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін.
5) Өтініш берушінің анықталған сәйкессіздіктерді жоюы және түзетілген материалдарды Салалық компанияның Жауапты департаментіне 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынуы. Бұл ретте алдын ала ұсыныстың мазмұнын және/немесе шарттарын өзгертетін мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға жол берілмейді.
6) Салалық компания комиссиясының кемшіліктері жойылған және оларға қоса берілген конкурстық өтінімдерді анықталған сәйкессіздіктерді жоюға арналған мерзім өткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарауы.
7) Конкурстың бірінші кезеңі бойынша қорытынды шығару және екінші кезең туралы хабарлама жіберу.
2-кезең мыналарды қамтиды:
1. Бірінші кезеңнің қорытындылары шығарылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Салалық компанияның конкурстың бірінші кезеңінің аяқталғаны туралы хабарламасында айқындалған өлшемшарттарға сәйкес Активтерді сатып алу шарттарының сипаттамасын қамтитын Конкурстық ұсыныстарды (осы термин төменде айқындалғандай) қабылдау жатады. Конкурстық ұсыныс – конкурстық өтінімдері 1-кезең шеңберінде іріктелген қатысушылар беретін баға ұсынысы (бұдан әрі – «Конкурстық ұсыныс»).
Конкурстық ұсынысты Конкурсқа қатысушы мөрленген конвертте ұсынады. Конкурстық ұсыныс тігілуге, беттері не парақтары нөмірленуі, соңғы беті не парағы Конкурсқа қатысушының қолымен және мөрімен куәландырылуы тиіс.
Конкурстық ұсынысы бар мөрленген конверттің беткі жағында қатысушы:
1) Конкурсқа қатысушының толық атауын және пошталық мекенжайын;
2) Салалық компанияның толық атауын және пошталық мекенжайын;
3) Конкурсқа қатысушының Конкурстық ұсынысы ұсынылатын конкурсқа қатысуға арналған Активтердің атауын;
4) Осы хабарламаға сәйкес конкурстық ұсыныстарды қабылдаудың аяқталу күні мен уақытын көрсете отырып, «ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген жазуды көрсетуі тиіс.
Белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынылған конкурстық ұсынысы бар конверт ашылмайды және қатысушыға қайтарылады. Тиісті түрде ресімделген конкурстық ұсынысты қатысушы конкурстық ұсыныстарды беру мерзімі ішінде Конкурстың екінші кезеңі туралы хабарламада көрсетілген мекенжай бойынша жібереді немесе ұсынады.
2. Конкурстық ұсыныстарды Салалық компанияның комиссиясы Конкурстық ұсыныстары бар конверттерді ашқан күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарау және Конкурстық ұсыныстары бар конверттерді ашу хаттамасын жасау.
3. Конкурстың қорытындысын шығару және жеңімпазды 2024 жылғы 5 сәуірге дейінгі мерзімде таңдау.
Конкурстық өтінім:
1) Конкурстың мәні бойынша алдын ала ұсыныс. Алдын ала ұсыныс әлеуетті инвестордың (бұдан әрі – «Қатысушы») ұсыныстарды бағалау өлшемшарттарын және ең төменгі талаптарды орындау туралы міндеттемелерін;
2) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған өтінішті;
3) Конкурстық құжаттамада көрсетілген тізбе бойынша өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттары бар қосымшаны қамтуы тиіс.
Активтердің алғашқы (бастапқы) бағасы: «Tau-Ken Temir» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына қатысудың 100% үлесі үшін 4 600 000 000 (төрт миллиард алты жүз миллион) теңге;
«Silicon mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына қатысудың 100% үлесі үшін 100 000 000 (жүз миллион) теңге.
Бірінші кезеңнің аясындағы алдын ала ұсыныстарды бағалау өлшемшарттары – Конкурстық құжаттаманың 5.2-тармақта көрсетілген Қатысу үлесін сату шарттарымен келісу, сондай-ақ біліктілік талаптарына сәйкестік.
Ең төменгі талаптар – Активтерді сату шарттары Конкурстық құжаттамада көрсетілген.
Конкурстық ұсыныстарды бағалау өлшемшарттары Конкурстың екінші кезеңінің барысында анықталатын және жіберілетін болады.
Меншік құқығының Активтерге өту шарттары: Активтерге меншік құқығы Қағиданың 40-тармағына, сондай-ақ тараптармен келісілген Шарттың ережелерін ескере отырып Қатысу үлесінің құнын төлеу тәсіліне байланысты берілетін болады.
Қамтамасыз ету. Сауда-саттыққа қатысу үшін «Tau-Ken Temir» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін 92 000 000 (тоқсан екі миллион) теңге мөлшерінде; «Silicon mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін 2 000 000 (екі миллион) теңге мөлшерінде Конкурсқа қатысу үшін Конкурстық өтінімді қамтамасыз ететін кепіл жарнасын (бұдан әрі – «Қамтамасыз ету») және Конкурстық өтінім мен Шарт бойынша міндеттемелерді орындауды Конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталатын күннен кешіктірмей ұсынуы қажет. Бұл ретте Конкурс шеңберінде Активтер бір лотпен сатылатын (яғни Активтерді бөлек сатып алу мүмкіндігі алынып тасталады) болғандықтан қамтамасыз ету екі Актив бойынша да толық мөлшерде берілуі тиіс.
Конкурстық құжаттаманың шарттарына сәйкес Салалық компанияның банктік шотына салынған кепілдік ақшалай жарна қамтамасыз ету болып табылады: «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ: БСН 090240000101, Кбе 16, БСК HSBKKZKX, «Қазақстан Халық банкі» АҚ ЖСК KZ696010111000044877 (шот теңгемен), ЖСК KZ966010111000047301 (шот АҚШ долларында).
Кепілдік жарнаның мөлшеріне банк қызметтерін төлеу кірмейді.
Сауда-саттықта жеңген және кепілдік жарнасын енгізу арқылы берілген Шарт жасасқан Қатысушының қамтамасыз етуі қайтарылмайды және Шарт бойынша тиесілі төлемдер есебіне есепке алынуға жатады;
Қамтамасыз етуді қайтару шарттары, сондай-ақ Қамтамасыз ету қайтарылуға жатпайтын жағдайлар конкурстық құжаттаманың шарттарына сәйкес белгіленеді.
Әлеуетті өнім берушіні Конкурстық жеңімпазы деп таныған жағдайда ол орындауға міндеттенетін міндетті және қосымша талаптар:
- сатып алу бағасын бөліп-бөліп немесе бөліктермен (транштармен) төлеген жағдайда, сатып алу бағасын төлеудің жалпы мерзімі күнтізбелік 24 (жиырма төрт) айдан аспауы тиіс, ал төлемнің бірінші бөлігінің (транштың) мөлшері сатып алу бағасының 30%-нан кем болмауы тиіс. Шарт бойынша төленбеген ақшалай міндеттемелердің сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін қайта қаржыландыру мөлшерлемесіне сәйкес индекстеледі.
- Активті бөліп-бөліп сатып алған жағдайда сатып алу бағасын төлеу жөніндегі міндеттемелер тиісті шарттар жасасу жолымен Активтің Қатысу үлесін және негізгі қаражат кепілмен қамтамасыз етілуі тиіс;
- Конкурстық құжаттамаға С қосымшасында көрсетілген инвестициялық міндеттемелерді қабылдау және орындау;
- Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес сатып алушыға қойылатын талаптарға (біліктілік талаптарына) сәйкестігі;
- Қағидалармен және Конкурстық құжаттамамен айқындалған тәртіпте Шарт жасасу.
Сауда-саттыққа қатысушы ретінде тіркелу үшін:
- осы Хабарламадағы талаптарға сәйкес жасалған конкурстық өтінімді;
- конкурсқа қатысуға үміткер тұлға жарғысының (не осыған ұқсас құрылтай құжатының) барлық өзгерістерімен және толықтыруларымен нотариат куәландырған көшірмесін;
- қатысушыны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесін (немесе ұқсас құжат);
- мекеменің акционерлері/қатысушылары мен юрисдикцияларының әрбір деңгейінде көрсете отырып, қатысушының түпкі бенефициарлары -жеке тұлғаларға дейінгі егжей-тегжейлі меншік құрылымы және заңды тұлғалардың құрылғанын растайтын нотариат куәландырған құжаттарын;
- банктен банктік шоттың бар екенін растайтын анықтаманың түпнұсқасын;
- байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факсы, e-mail);
- сауда-саттыққа қатысуға арналған Конкурстық құжаттамаға қол қоюшының жеке басын және өкілеттігін куәландыратын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін;
- акционерлік қоғамдар үшін сауда-саттық туралы Хабарлама жарияланған күннен ерте емес күнгі жағдай бойынша сауда-саттыққа қатысуға үміткер тұлғаға қатысты акционерлер тізілімінен үзіндінің түпнұсқасын;
- Конкурстық құжаттамада және Қағидаларда көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттарды;
- Активтерді сату шарттарымен келісім-хатты;
- сауда-саттыққа қатысуға үміткер тұлғаның қолданыстағы заңнамада және оның құрылтай құжаттарында көзделген, осындай тұлғаның Қамтамасыз етуді енгізуі үшін қажетті барлық қажетті корпоративтік шешімдері, оның ішінде ірі мәмілені немесе жасалуына мүдделілік бар мәмілені (қолданылатын болса) мақұлдау және/немесе жасау туралы шешімді;
- мәмілені қаржыландыру тетігінің егжей-тегжейлі сипаттамасын, сондай-ақ қатысушының мәмілені қаржыландыру қабілетін растайтын құжаттарды, мысалы: шот бойынша үзінді көшірмені, банктің кредит комитетінің шешімін, банк кепілдігін, жеке немесе заңды тұлға берген кепілдікті.
- жоғарыда аталған шарттармен Қамтамасыз етуді ұсынуды растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.
Активтердің қысқаша сипаттамасы:
«Tau-Ken Temir» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2013 жылғы 4 желтоқсанда құрылды.
Негізгі қызмет түрі: металлургиялық кремний, шойын, болат және ферроқорытпа өндірісі; басқа да химиялық өнімдер өндірісі.
Қатысушылар: Салалық компания – 100%
«Silicon mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2008 жылғы 22 желтоқсанда құрылды.
Қызметінің негізгі түрі: металл емес кендерді өндіру және байыту; геология саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-әдістемелік және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар.
Қатысушылар: Салалық компания – 100%.
Активтердің қаржылық көрсеткіштері
«Tau-Ken Temir» ЖШС
Көрсеткіштер (млн тг) | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 | 2022 | 2023 жылғы 30 қыркүйегінде аяқталған 9 ай үшін |
Жарғылық капитал | 15122 | 15122 | 15122 | 15122 | 15122 | 15122 |
Түсім | 9 948 | 8 971 | 1 012 | 22 | 13 | 2 |
EBITDA | (385) | (2855) | (224) | (246) | (339) | (331) |
Табыс / шығын | (267) | (3574) | (8484) | (6203) | (505) | (422) |
Теңгерімдік құны, оның ішінде | ||||||
Активтер | 13701 | 10758 | 1536 | 8102 | 7987 | 12967 |
Міндеттемелер | 1673 | 2304 | 1566 | 1929 | 2320 | 2630 |
Салалық компания алдындағы топішілік берешек | 981 | 981 | 1 074 | 1524 | 2261 | 2591 |
Меншікті капитал | 12028 | 8454 | (30) | 6173 | 5668 | 5246 |
Қызметкерлер саны, адам | 376 | 307 | 72 | 73 | 60 | 60 |
«Silicon mining» ЖШС
Көрсеткіштер (млн тг) | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 | 2022 | 2023 жылғы 30 қыркүйегінде аяқталған 9 ай үшін |
Жарғылық капитал | 354 | 354 | 355 | 536 | 536 | 536 |
Түсім | 520 | 1 169 | 15 | 7 | 1 | |
EBITDA | (231) | 675 | (34) | (60) | (16) | (16) |
Табыс / шығын | (282) | 90 | (58) | (15) | (57) | (80) |
Теңгерімдік құны, оның ішінде | ||||||
Активтер | 796 | 1273 | 1057 | 1131 | 780 | 780 |
Міндеттемелер | 1353 | 1739 | 1580 | 1502 | 1208 | 1288 |
Салалық компания алдындағы топішілік берешек | 1126 | 1575 | 1429 | 1460 | 11177 | 1220 |
Меншікті капитал | (557) | (466) | (523) | (371) | (428) | (508) |
Қызметкерлер саны, адам | 14 | 14 | 4 | 4 | 5 | 5 |
Сауда-саттыққа қатысуға шектеулер. Сауда-саттыққа қатысуға үміткер тұлғалар Конкурстық құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Конкурсты өткізу тәртібі туралы ережелермен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен Салалық компанияның сайттарында көпшілікке қолжетімді болатын қағидалардан танысуға болады.
Салалық компанияның комиссиясы конкурстық өтінімдер ашылғанға дейін сауда-саттықтың күшін жою және қайта жариялау туралы шешім қабылдай алады. Бұл жағдайда Салалық компания бұқаралық ақпарат құралдарында және Салалық компанияның корпоративтік Веб-сайтында тиісті хабарландыру орналастырады.
Осы хабарламада көрсетілген конкурстық өтінімдер мен конкурстық ұсыныстарды беру жөніндегі мерзімдер тиісінше конкурстық өтінімдер мен конкурстық ұсыныстарды қабылдау мерзімдері аяқталғанға дейін салалық компанияның шешімі бойынша ұлғаю жағына қарай түзетілуі мүмкін. Мерзімдерді түзету туралы шешім қабылданған жағдайда Салалық компания бұқаралық ақпарат құралдарында және Салалық компанияның корпоративтік Веб-сайтында тиісті хабарландыру орналастырады.
Осы Хабарлама орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде жасалды. Қарама-қайшылықтар туындаған жағдайда Хабарламаның орысша нұсқасы басым күшке ие болады. Конкурс, Конкурстық құжаттама және Деректер бөлмесі орыс тілінде ұсынылады. Аударма қызметтері көрсетілмейді, сондықтан қажет болған жағдайда құжаттарды аударуды Конкурсқа қатысушылар өздері жүзеге асыруы тиіс.
Келесі телефон нөміріне хабарласып конкурсты өткізу бойынша қосымша ақпаратты алуға болады:
Айдын Жақсыбаев +7 (707) 780 0009, ajaxybayev@kpmg.kz және Жәнібек Тоқанов: +7 (702) 695 61 91, ztokanov@kpmg.kz.
Деректер бөлмесіне қол жеткізу құқығын алуға арналған нұсқаулық:
Активтерге қатысты құпия ақпараты бар Деректер бөлмесіне қол жеткізу құқығы Қатысушы құпиялылық туралы келісімге қол қойғаннан кейін Конкурсқа қатысушысына беріледі.
Конкурсқа қатысушы қол қойған құпиялылық туралы келісімнің электрондық нұсқасын Салалық компанияның өкілі – Азат Әлсенов (a.alsenov@tks.kz) және Әсел Қыдырбекова (a.kydyrbekova@tks.kz), сондай-ақ Салалық компанияның тәуелсіз кеңесшісі – «КПМГ Такс энд Эдвайзори» ЖШС өкілдеріне: Айдын Жақсыбаев (ajaxybayev@kpmg.kz) және Жәнібек Тоқанов (ztokanov@kpmg.kz) электрондық пошта арқылы жіберу қажет.
Құпиялылық туралы келісімнің қол қойылған электрондық нұсқасына қосымша Қатысушы электрондық хатта Активтерге қатысты құпия ақпаратты алатын жеке тұлғалардың келесі деректерін көрсетуі қажет:
- Аты-жөні;
- Лауазымы;
- Конкурсқа қатысушының (заңды тұлғаның) толық атауы;
- электрондық пошта мекенжайы;
- телефон нөмірі;
Жоғарыда көрсетілген әрекеттерді орындағаннан кейін электрондық хатта көрсетілген әрбір адам Деректер бөлмесінің провайдерінен оған қол жеткізу үшін нұсқаулықтары мен қажетті мәліметтері бар электрондық хат алады. Қол жеткізу жоғарыда аталған деректерді алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде беріледі.
Бірінші кезеңнің қорытындылары шығарылғаннан кейін Конкурстың екінші кезеңіне өтпеген қатысушылар үшін Деректер бөлмесіне кіру жабылады.
Деректер бөлмесіндегі материалдарға қатысты барлық сұрақтар мен түсіндірме сауалдар Салалық компанияның тәуелсіз кеңесшісі – «КПМГ Такс энд Эдвайзори» ЖШС өкілдеріне Айдын Жақсыбаев (ajaxybayev@kpmg.kz) және Жәнібек Тоқанов (ztokanov@kpmg.kz) электронды пошта арқылы жіберіледі.
«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ-ның байланыс деректері:
e-mail: info@tks.kz
телефон нөмірі: +7 (7172) 55 9 090
«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ өкілдерінің деректері:
Азат Әлсенов, тел: +7 705 500 77 09, e-mail: a.alsenov@tks.kz
Әсел Қыдырбекова, тел: +7 701 788 94 94, e-mail: a.kydyrbekova@tks.kz